БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Шуда 2,5 млн теңгенің мотор майын ұрлаған 4 адам ұсталды

Шуда  2,5 млн теңгенің мотор майын ұрлаған 4 адам ұсталды
caption
Шуда 2,5 млн теңгенің мотор майын ұрлаған 4 адам ұсталды

Шу ауданының полиция бөліміне ірі компаниялардың бірінің өкілі хабарласып, автокөлік майының қолды болғанын айтқан, деп хабарлайды БақОрда облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Іске қатысы бар тұлғалардың айтуынша, олар түннің  қараңғылығын пайдаланып, ұрлық жасау мақсатында кәсіпорынның қоймасына жасырын кіріп, «Газель» маркалы автокөлігімен 7 бөшкедегі 200 литр мотор майын алып кеткен. Содан кейін олар қаланың ішінде ұрланған майды сатып, ақшаны өзара бөліскен.

«Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті тергеу шараларын жүргізуде», - делінген хабарламада.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар