Контентке өту

«Ақынға тиіспеңдер!»: Алмат Сақатов Мақсат Ақановқа араша түсті

«Ақынға тиіспеңдер!»: Алмат Сақатов Мақсат Ақановқа араша түсті
ашық дерек

Актер Алмат Сақатов әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, айтыскер ақын Мақсат Ақановқа қолдау білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Актер ақынға орынсыз тиісіп, ауыр сөз айтпауға шақырды. Оның айтуынша, Мақсат Ақановтың бір қателігі үшін оны жаппай сынаудың қажеті жоқ.

«Ақынға тиіспеңдер! Ақын тентек болуы керек. Ақын бауырым бір сүрініп еді, жалынан алып жамбасына дейін жыртып жатырсыздар. Мақсат, сен сүріндім деп ойлама. Сен кімнің кім екенін осы күндері біліп алдың», – деді Алмат Сақатов.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Мақсат Ақановтың айтыс кезінде айтқан сөздері түсірілген бейнежазбалар тараған еді. Кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, ақынға қатысты түрлі пікір айтылды.

Алмат Сақатов осы жағдайға байланысты ақынды қолдап, көпшілікті ауыр сөз айтпауға шақырды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты