Контентке өту

«Үкіммен келіспейміз»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің адвокаты апелляцияға шағым түсіретінін айтты

«Үкіммен келіспейміз»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің адвокаты апелляцияға шағым түсіретінін айтты
ашық дерек

Кеше танымал актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған болатын, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Осыған байланысты актердің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев мәлімдеме жасады. Қорғаушы сот үкімімен келіспейтінін және алдағы уақытта апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

«Біз, әрине, соттың үкімімен келіспейміз, әділ, объективті шығарды деп айта алмаймыз. Бұл парақша кімге тиесілі, ол парақшада жарияланған ақпаратты кім салды? Бұл Нұрсұлтанға тиесілі ме, не басқа біреудің парақшасы ма? Осының бәрін анықтауды, зерттеуді, сол бойынша бірнеше сараптама жасауды сұрағанбыз. Өкінішке қарай, сот жасаудан бас тартты. Тек біржақты ғана үкім шығарды. Біз үкіммен келіспейміз, алдағы уақытта апелляциялық шағым түсіретін боламыз», – деді адвокат.

Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыгенге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша, яғни онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған.

Сот актерді 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Қорғау тарапы бұл шешімге апелляциялық тәртіппен шағымданбақ.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты