Театр және кино актрисасы Гүлшат Тутова «Мамский әңгіме» подкастына қонақ болып, қызының денсаулығына байланысты басынан өткен қиын кезеңді ашық айтып берді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Өнер иесінің сөзінше, қызы ауырып, ауруханаға түскен. Сол кезде дәрігерлер оған бірнеше рет антибиотик тағайындаған.
Алайда актрисаның айтуынша, ем қабылдағаннан кейін баланың жағдайы жақсармаған. Керісінше, іші тоқтамай өтіп, қайта-қайта құса бастаған.
Гүлшат Тутова қызының денсаулығына алаңдап, осы кезеңнің отбасы үшін ауыр болғанын жеткізді.
Актриса бұл жағдайды «Мамский әңгіме» подкастында егжей-тегжейлі баяндаға