Контентке өту

«Соншалықты қатыгездік танытпауға да болар еді»: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгенді жақтады

«Соншалықты қатыгездік танытпауға да болар еді»: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгенді жақтады
ашық дерек

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова бүгін сотталған актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер саласының өкілі Жақсыгенге тағайындалған жаза тым қатаң болғанын айтып, оны жеңілдетуге болар еді деген ойын жеткізді.

«Мүмкіндік болса, соншалықты қатыгездік танытпауға да болар еді. Ортада бала-шағалары бар шығар. Кісі өлтіріп, қыз зорлап, ұрлық жасаған жоқ. Жеңілдеткені дұрыс-ау», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Ол сондай-ақ әр адамның басынан түрлі жағдай өтетінін айтып, Жақсыгеннің жазасын жеңілдетуге шақырды.

«Жазасын алу керек, бірақ кішкене жеңілдетіп, 2 жарым жыл емес, 1 жыл да жеткілікті ме дегенім ғой. Ол жақтан түзеліп емес, қаны безер болып бұзылып келуі де мүмкін ғой», – деді продюсер.

Гүлзира Айдарбекова актерді жақыннан танымайтынын да атап өтті. Оның айтуынша, ол Жақсыгенді тек сырттай көріп жүрген.

«Әйтеуір ата-анасы бар, бала-шағасы бар. Ешкім жыламаса екен дегенім ғой», – деп жазды ол.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты