БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Орман мен даланы өрттен сақтайық

Орман мен даланы өрттен сақтайық
ашық дереккөз
Өткен жылы елімізде орман өртінен келген шығын 1360,9 мың теңгені құрады.

Өткен жылы өрт қауіпті маусымы кезеңінде Жамбыл облысындағы орман қоры жерлерінде 7 орман өрті оқиғасы тіркеліп, барлығы 1 474,87 гектар учаске өртке шалдыққан. Орман өртінен келген шығын 1360,9 мың теңгені құрайды.
Айта кетерлігі 2 орман өрті адамдардың өрт қаупсіздік талаптарын сақтамау салдарынан орын алған. Аталған азаматтарға айыппұл салынып табиғатқа келтірілген залал өндіріліп алынды. Бұл туралы Жамбыл өңірлік коммуниакциялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев айтты.
Спикердің сөзіне сүйенсек, облыс аумағындағы мемлекеттік орман қорының жалпы жер көлемі 4 миллион 414 мың 556 гектар. Оның ішінде орманмен қамтылған жерлер 2 миллион 311 мың гектарды құрайды. Орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр.
 – Аталған мемлекеттік орман қорының жерлері басқармаға бағынысты 15 орман шаруашылығы және мекемелеріне бекітіліп берілген.
Былтыр ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «2023 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпі бар маусымды белгілеу туралы бұйрығына сәйкес, облыстың өрт қаупі бар маусымы 20 наурыздан бастап 13 қараша айлары аралығында белгіленді. Нәтижесінде Жамбыл облысында 11 154,5 шақырым өртке қарсы минералды жолақтарға күтім жасалып, тапсырма 100 пайызға орындалды.
Өткен жылы облыстық бюджетен орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық  базасын толықтыру мақсатында 280,0 миллион тенге қаржы қарастырылып, қажетті техникалар мен агрегаттар алынды. Тарқатып айтсақ, 9 трактор, 7 автокөлік, су соратын 10 мотпомпа, 40 дана рация, 3 жылжымалы вагон үйі, дискілі тырма және тағы басқа да агрегаттар пайдалануға берілді. 
Биыл тиісті комитетінің нұсқауымен облыста мемлекеттік орман қорын тілсіз жаудан қорғау және алдын алу маусымы 20 наурыздан бастап белгіленді. Осыған байланысты, орман қорындағы орманшылықтарда 26 өрт бақылау мұнаралары жұмыс жағдайына келтірілді. Сонымен қатар, өрт қаупі маусымының жоғары кезеңінде өрт қауіпті аумақтарда 55 бекетте тәулік бойына кезекшіліктер құрылды. Өрт қаупі маусымы жоғары кезеңінде IV-V сыныбында қосымша 6 бекеттер қойылатын болады, – деді Олжас Елебекұлы.
Баянамашының айтуынша орман қорында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттің алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шара жоспары бойынша 11 154,5 шақырым өртке қарсы минералды жолақтарға күтім жасау жұмыстары сәуір-мамыр айларына жоспарланған. Қазіргі таңда, 4 380 шақырым өртке қарсы минералды жолақтарға күтім жасау жұмыстары жүргізілген. Орман қорын күзету және патрульдеу үшін өртке қарсы техниканы ұстауға жанар-жағармаймен толығымен қамтамасыз етіліпті. 
Сонымен қатар өрт қауіпті маусымында облыстың 3 миллион 48 мың гектар орман қорында Мойынқұм ауданында орналасқан «Қазавиа орман күзеті» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының 1 ұшағы мен 1 тік ұшағы арқылы әуеден бақылау-мониторинг жұмыстарын жүргізетін болады.
 – Қазіргі уақытта мекемелер бойынша орман қорғау қызметкерлерінен  өрт сөндіруші топтарда 305 адам және 1-ші, 2-ші орман өртін сөндіру станцияларында 352 өрт жасақшылары құрылған. Өрт сөндіру жасақшылары 100 пайыз нысаналы киімдермен қамтамасыз етілген және арнайы оқудан өтіп, сертификат алды.
Аймақтағы орман өрт сөндіру станциялары да маусымдық кезеңге дайын. Атап айтқанда  5 бірлік өрт сөндіру автокөліктерімен, 12 бірлік Уаз- АЦ-0,9 маркалы кіші кешенді өрт сөндіру автакөліктерімен, 66 дана әртүрлі маркадағы МТЗ тракторлары соқаларымен және 15 дана жартылай тіркемелі 3 және 5 тонналық өрт сөндіргіш әмбебап цистерналармен жабдықталған.
Орман шаруашылығы мекемелері орман қоры жерлерін күзетуге патруль жасауға 72 бірлік жеңіл автакөліктер жүргізетін болады.
Биыл материалдық-техникалық базаны толықтыру мақсатында жергілікті бюджеттен 280,0 миллион теңге қаражат қарастырылып, өртке қарсы техникалар, патрулдік автокөліктер мен агрегаттар сатып алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 
Бүгінгі таңда, орман шаруашылығының материалдық-техникалық, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі 78 пайызды құрап отыр. Алайда 25 пайыз техникалар ескірген және есептен шығаруды қажет етеді, – деген Олжас Елебекұлы биыл өрт қауіпсіздігі кезеңіне орман өртімен және қасақылықпен күресуге облыстық бюджеттен 101,4 миллион теңге қаржы бөлінгенін жеткізді. Аталған қаражат  орман қоры аумағындағы өртке қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін, белгіленген жоспар бойынша орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне бекітіліп берілді.
Мұнымен бірге облыс әкімінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі «2024 жылдың өрт қауіпті маусымында облыс аумағында өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»№92 қаулысы қабылданған. Сонымен қатар, облыстың мемлекеттік орман қоры аумақтарын және оларға іргелес орналасқан ауыл округі жерлерін өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, өрттің алдын алу жөніндегі 2024 жылға арналған бірлескен профилактикалық іс–шаралар жоспары бекітілді.
Жоспарға сәйкес әр ауданда мемлекеттік орман қоры аумағындажәне оған шекаралас ауыл округі жерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы қызмет және төтенше жағдайлар бөлімдерімен бірлескен профилактикалық іс-шаралары жоспары аудан әкімдерімен бекітіліпті.
Қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің өрт қаупі бар маусымда атқарылып жатқан жұмыстары басқарманың тұрақты бақылауында.й

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар