Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң қазақстандықтар жарық үшін көбірек шығынданған
- author BAQ-Orda
- 24 мамыр, 2024
- 91
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін қазақстандықтар жарық үшін көп шығынданатын болды. Наурызда ел тұрғындары ақпан айымен салыстырғанда электр энергиясын 364 млн кВт/сағ артық пайдаланған. Бұл туралы baq orda ақпарат агенттігі Чёрный лебедь, рак и щука Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
1 наурыздан бастап Қазақстан бір уақыт белдеуіне көшті. Бұл шешім барлық тұрғындарды қуанта қойған жоқ, өйткені елдің көп бөлігіндетаңның атысы мен күннің батуы өзгерді.
Мұндай өзгеріс қазақстандықтардың электр энергиясын бұрынғыдан да көп тұтынуына әкелуі мүмкін. Алайда сарапшылар уақытты бір сағатқа артқа жылжыту электр энергиясын тұтыну деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді, сондықтан тұтынушы көп шығындалмайды деп түсіндірді.
Қазақстандықтар жаңа уақыт белдеуіне қарсы петицияға қалай қол қоя алады
Десе де наурызда Қазақстанда электр энергиясын тұтыну мөлшері – 10,7 млрд кВт/сағ. Бұл ақпанмен салыстырғанда 3,5% немесе 364 млн кВт/сағ көп. 2023 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 5,1% немесе 521 млн кВт/сағ артық.
2024 жылы коммуналдық қызметтерге тарифтер елде өскенін (жылына 26,1%-ға) ескерсек, шығын көбейіп кеткенін байқауға болады.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан тұрғындары бұрынғы уақытты қайтаруды сұрап, петиция жариялаған еді. Осыдан кейін сауда министрі біртұтас уақыт белдеуін алып тастау мәселесін қашан қарайтынын мәлімдеді.