Жаңалықтар

Таразда түнде көшелер мен көңіл көтеру орындарында жүрген 1000-ға жуық жасөспірім анықталды

Жамбыл облысының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады.

10 күн ішінде полиция қызметкерлерімен іздеуде жүрген 6 қылмыскер, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтап немесе алып жүргені үшін 16 адам және 14 заңсыз жүрген мигрант ұсталды. 84 қылмыс ашылған деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенер болсақ, шара барысында барлығы 10313 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде тіркеусіз немесе құжатсыз тұрудың 2298 дерегі, ұсақ бұзақылықтың 592 фактісі, алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 629 тұрғын жауапқа тартылған.

Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 289 бұзушы жауапқа тартылды.