Контентке өту

Жұлдыз Әбдікәрімова 38 жасқа толды: «Уысымда бүгінім ғана бар»

Жұлдыз Әбдікәрімова 38 жасқа толды: «Уысымда бүгінім ғана бар»
ашық дерек

Танымал қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова туған күніне орай әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, өміріне қатысты ой-толғамдарымен бөлісті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Өнер иесі биыл 38 жасқа толғанын айтып, осы уақытқа дейін түрлі рөлдерді қатар алып жүргенін жеткізді. Оның айтуынша, ол ата-анасына – бала, бауырларына – жанашыр, ата-енесіне – келін, жолдасына – жар, балаларына – ана, құрбыларына – дос, ал әріптестеріне маман болуға тырысып келеді.

«38 жас. Бұйыртса 13 879-таңым атады. Осы жасқа жеткенше ата-анама бала, бауырларыма жанашыр, ата-енеме келін, жолдасыма жар, балаларыма ана, құрбыларыма дос, әріптестеріме маман болуға тырысып келедi екенмiн. Қайсысын мінсіз орындап жатқанымды білмеймін. Оларға аян», – деп жазды актриса.

Сондай-ақ ол өткен өмірге есеп берудің мәні жоқ екенін айтып, бүгінгі күннің қадірін түсіну маңызды екенін атап өтті.

«Дүркіретіп тойласам да жарасар еді. Бірақ, күйім бөлек болып тұрғаны. Артыма қарап, өткен өмірге шолу жасап, өзге түгіл өз алдымда есеп бергім келмейді. Пайдасы не? Өткендігін ештеңесін өзгерте алмайсың! Болашаққа мың сан жоспар болғанымен, адамның басы Алланың добы ғой, не дайындағанын кім білген? Демек, уысымда бүгінім ғана бар», – деді ол.

Актриса алдағы жоспарына да тоқталып, ендігі уақытын сүйікті ісіне – театр саласына арнауды көздейтінін жеткізді.

«Арман, мақсат, меже жоқ емес бар. Алдағы уақытымды өзім өлердей жақсы көретін мамандығым, театр саласындағы еңбекке деген қарызымды өтеуге арнасам деймін. Қолдан не келерін, шығар биігімнің тау әлде төмпешік боларын, алар асуымның межесі қай биікке жетерін әзірге білмеймін. Тек О-ған тәуекел еттім! Бір анығы – жүрек соны қалайды, ниет еттім», – деп түйіндеді өнер иесі.

Айта кетейік, актрисаның бұл жазбасы желі қолданушыларының жүрегіне жетіп, көпшіліктен жылы пікірлер жинауда.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты