Қазақстандық танымал спортшы әрі қоғам белсендісі Ардақ Назаров тағы да әлеуметтік желінің назарын өзіне аударды. Бұл жолы ол анасын ерекше тәсілмен құттықтап, көпшіліктің жүрегін жылытты
, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Спортшы анасының туған күніне арнайы барып құттықтауға жолға шыққан. Алайда жолда тоқтап, видео арқылы жүрекжарды тілегін жолдап, оны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
Жарияланған видеода Ардақ Назаров анасына деген шексіз құрметі мен махаббатын әсерлі сөздермен жеткізеді.
«Әлемдегі ең мейірімді жан, аппақ пейілді жан. Бүгін менің аппақ анашымның туған күні. Анашым, туған күніңізбен!»