
Депутаттың айтуынша, қамауда отырған азаматтардың кейбірі түрме әкімшілігінің ерекше қамқорлығына ие болып, өздеріне жайлы жағдай жасап алған. Ал басқалары, керісінше, қысым көріп, түрлі азаптауларға ұшырайды.
«Мен көптеген түзету мекемелерінде болдым. Кейбір сотталғандар арнайы камераларын бір-екі бөлмелі пәтер сияқты жайлы етіп жасап алған. Өткенде бір сотталған шенеуніктің түрмеде ет асып, жеп отырған видеосы тарады. Бұл – түзету мекемелеріндегі әділетсіздіктің анық көрінісі. Түрмеде жазасын өтеп жатқан азаматтардың жағдайы әртүрлі. Біреу артықшылықтарға ие болса, басқалары адам төзгісіз жағдайда күн кешуде», – деді Ринат Зайытов.
Депутаттың сөзінше, тек артықшылықтар беру ғана емес, сонымен қатар қамауда отырғандарды қинау, психологиялық және физикалық қысым көрсету жағдайлары да тіркелуде.
«Түрмелерде шындықты айтқысы келетіндерге қысым жасалады. Олар қудалауға ұшырайды, түрлі заңсыз әрекеттерге тап болады. Бізге келіп түсетін шағымдар өте көп. Бұл мәселе бақылауды қажет етеді», – деді ол.
Осыдан біраз уақыт бұрын Атбасар түрмесінде азаптау әрекеттеріне қатысты 12 қызметкердің сотта ақталып шыққаны белгілі болған еді. Бірақ прокуратура бұл үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.Ринат Зайытов бұл мәселенің алдын алу үшін нақты қадамдар жасау керек екенін атап өтті.
«Бізде «реформа» деген үйреншікті сөз бар. Бірақ шынайы өзгеріс үшін жай ғана реформа жеткіліксіз. Менің ойымша, түзету мекемелерін толықтай тазарту қажет. Бұл жүйені қайта қарастырмай, әділеттілікті орнату мүмкін емес», – деді депутат.
Қазақстандағы түзету мекемелеріндегі жағдай қоғамның қызу талқысына түсті. Бұған дейін тергеу изоляторында отырған сотталушылардың туған күн тойлағаны туралы дерек тарады. Бұл оқиға түрме жүйесіндегі тәртіпсіздіктердің тағы бір дәлелі ретінде қарастырылуда.
Түрмелердегі заңсыздықтар қашан тоқтайды? Түзету мекемелері әділетті жүйеге айнала ала ма? Бұл сұрақтардың жауабы алдағы уақыттың еншісінде.
2025 жылғы Ораза кестесі жарияланды
Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
"Әлі 5 бала туамын!" Сабина Алтынбекова аналық бақыт туралы айтты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025