
Атышулы блогер Мадина Мамадалиева (лақап есімі – Мадлен) өзіне қатысты қоғамда айтылып жүрген пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Baq-Orda.kz.
Ол Instagram парақшасының Stories бөлімінде оқырмандарының өзіне қатысты қандай ойда екенін күтіп отырғанын мәлімдеді.
"Оқырмандарым мені Дубайдағы қызметім (ред. – интимдік) үшін қолма-қол ақша алады деп ойлай ма, әлде шынымен де блог арқылы табыс табамын ба, осыны күтіп отырмын. Кімге қайсысы ыңғайлы?" – деп жазды Мадлен.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде блогердің эскорт қызметіне қатысы бар екені туралы сыбыстар тараған болатын. Осыған байланысты оқырмандарының бірі оған тікелей сұрақ қойды. Алайда, Мамадалиева бұл ақпаратты жоққа шығарып, барлық табысын адал жолмен тауып отырғанын және шығындарын маңдай терімен тапқан ақшасымен өзі өтейтінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, жақында блогер өзінің атына кір келтірген белгілі стендап әзілкешін сотқа беретінін хабарлаған еді.
Еске сала кетейік, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жүргізген камералдық бақылау нәтижесінде 594 блогердің 53,3 миллиард теңге салық төлемегені анықталды. Ал журналист Михаил Козачковтың Telegram-дағы жазбасына сәйкес, Мамадалиева 517 миллион 872 мың 105 теңге салық төлемегендердің қатарында болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта блогер бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.
Ринат Зайытов: «Түрмелерде заңсыздықтар жалғасуда»
Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
"Әлі 5 бала туамын!" Сабина Алтынбекова аналық бақыт туралы айтты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025