Контентке өту

Қорғаныс министрлігінде үш жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды

Қорғаныс министрлігінде үш жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды
ашық дерек

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштерінде бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Үш жоғары лауазымды тұлға атқарып отырған қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Атап айтқанда, Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Алмаз Дженишевич Джумакеев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Ал Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды. Baribar.kz

Қаныш Әбубәкіров бұл қызметке 2026 жылғы 17 қаңтарда тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты