Контентке өту

Қазақстан мен Қырғызстан стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Қырғызстан стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті
ашық дерек

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылдау үшін алғыс айтып, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың ыстық ықыласын жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Кездесу барысында Марлен Маматалиев Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларға жоғары баға беріп, олардың елдің болашақ дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.

«Қырғыз тарапы Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асырылған ауқымды конституциялық өзгерістерді қолдайды. Бұл әділетті әрі озық Қазақстанды құруға берік негіз қалайды. Сізге және бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – деді Жогорку Кенеш Төрағасы.

Тараптар кездесуде парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты келісімдерді заңнамалық тұрғыдан тиімді қамтамасыз ету жайын сөз етті.

Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы мазмұнды пікір алмасу болды.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марлен Маматалиев екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Тараптар бауырлас халықтардың мүддесіне сай өзара ынтымақтастықты кеңейту және екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтеру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты