Контентке өту

Ербол Қарашөкеев 81 жасқа толған жазушы-драматург Елен Әлімжанды құттықтады

Ербол Қарашөкеев 81 жасқа толған жазушы-драматург Елен Әлімжанды құттықтады
ашық дерек

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Халықаралық қарттар күніне орай белгілі жазушы-драматург, публицист Елен Әлімжанды арнайы құттықтады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Аймақ басшысы ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды қариялардың әрбір сөзі кейінгі ұрпаққа қалдырған асыл аманат екенін атап өтті. Оның айтуынша, ғұмыр жолының әр белесінде өзіндік із қалдырған аға буын – өткеннің шежіресін бүгінмен сабақтастырып, кейінгі ұрпаққа өнеге болып отырған қадірлі жандар.

Биыл 81 жасқа толған Елен Әлімжан қазақ әдебиеті мен руханиятына елеулі үлес қосқан қаламгер. Ол роман, драма, публицистика, комедия, трагедия сынды түрлі жанрларда шығармалар жазып, әдебиет пен журналистика саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған.

Елен Әбдуатұлы 1945 жылғы 18 маусымда Жамбыл облысының Талас ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Қазақ теледидарынан бастап, әр жылдары «Еңбек туы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, облыстық партия комитетінде нұсқаушы, «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі секілді қызметтер атқарған.

Ал 1991–1996 жылдары Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы болды. Осы кезеңде өңірдің ақпараттық кеңістігінің дамуына да үлес қосты.

Қаламгер шығармашылығында ел тарихы мен қоғам өмірі, ұлттық құндылықтар мен адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Оның қаламынан туған шығармалар қазақ әдебиетінің түрлі жанрларын қамтиды.

Халықаралық қарттар күні қарсаңында аймақ басшысы Елен Әлімжанға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, кейінгі буынға берер тағылымы мен шығармашылық еңбегінің жалғаса беруіне ізгі тілегін білдірді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты