Контентке өту

Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығудан аман қалған Ақжол Темірхан үйіне оралды

Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығудан аман қалған Ақжол Темірхан үйіне оралды
ашық дерек

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы жағдайдан аман қалған сарбаздардың бірі Ақжол Темірхан үйіне оралды. Оны туған-туыстары мен жақындары қуанышпен қарсы алды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ақжол Темірхан Каспий теңізіндегі оқиғадан кейін ауруханада медициналық бақылауда болған. Енді ол жақындарының ортасына аман-есен жетті.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт бұзылып, қатты жел соққан. Соның салдарынан 17 әскери қызметшіні су ағызып әкеткен.

Қайғылы оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тауып, үш сарбаз аман қалды. Олардың қатарында Ақжол Темірхан да бар.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындарына көңіл айтып, аман қалған сарбаздарға қолдау білдірілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты