БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қобдада 4-сынып оқушысы алып келген Қытай тәттісінен 23 бала уланды

Қобдада 4-сынып оқушысы алып келген Қытай тәттісінен 23 бала уланды
ашық дереккөз
Ақтөбе облысының Қобда ауданында мектеп оқушылары жаппай улану жағдайына тап болды. 18 ақпан күні 4-сынып оқушысы дүкеннен сатып алған Қытайдың «Лобстер» тәттісін мектепке әкеліп, достарына үлестірген. Алайда көп ұзамай балалар өзін жайсыз сезініп, ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, мектеп асханасының бұл жағдайға қатысы жоқ. Департамент басшысы Райхан Қойшанованың айтуынша, уланған оқушылар мектеп асханасынан тамақтанбаған.

"Оқиға туралы хабарлама түскен соң, біздің үш маман дереу оқиға орнына барды. Тексеру барысында тәттінің сатылған дүкенінде сәйкестендіру құжаттары мен таңбалары жоқтығы анықталды. Бұл жағдайға байланысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, аудандағы 45 дүкен тексерілді. Зерттеуге екі түрлі өнім алынды", – деді ол.

Қазіргі таңда санитариялық бақылау органдары мектеп оқушылары тұтынатын азық-түліктерге қатаң мониторинг жүргізіп жатыр.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар