БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Семей тұрғыны ұлын оқуға түсіремін деген танысына 2,5 млн теңге беріп, алданып қалды

Семей тұрғыны ұлын оқуға түсіремін деген танысына 2,5 млн теңге беріп, алданып қалды
ulysmedia.kz
Семей қаласының тұрғыны баласын жоғары оқу орнына түсіру мақсатында танысына 2,5 миллион теңге берген. Алайда уәде етілген көмек те, ақша да қайтарылмаған. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

2024 жылдың мамыр айында қала тұрғыны сенімді танысына ірі көлемде ақша берген. Ол бұл қаржының есебінен ұлы еш қиындықсыз университетке қабылданады деп сенген. Алайда бірнеше ай өткен соң, уәде орындалмағанын түсінген. Ақшаны қайтару туралы талап еткенде, күдікті түрлі сылтаулар айтып, кейін мүлде байланысқа шықпай қойған.

Кезекті рет ақшасын қайтара алмаған тұрғын полицияға шағым түсірді. Тергеу нәтижесінде күдіктінің 55 жастағы Семей қаласының тұрғыны екені анықталды.

"Әйел адам өз кінәсін толық мойындады, алайда алған ақшаны жұмсап жібергенін айтып, қайтаруға мүмкіндігі жоғын жеткізді. Қазіргі таңда оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ('Алаяқтық') бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады Абай облыстық ПД.

Құзырлы органдар азаматтарды сақ болуға шақырады. Білім беру ұйымдарына қабылдау тек заң аясында жүзеге асырылуы тиіс. Кез келген күмәнді ұсыныстарды қабылдамау, мұндай жағдайға тап болған жағдайда, құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігін ескертеді.

 

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар