
Биыл Жамбыл облысында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» акциясы жарияланған болатын. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен қолға алынған бұл шара аймақ тұрғындарының кітап оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталған.
Осы мақсатта құрылған «Kitap Time» клубына қоғам белсенділері, өңір зиялылары, кітап авторлары мен жастар мүше болып кірді.
Клубтың ашылу салтанаты ерекше форматта өтті. Шара жанды музей мен көлеңкелі көріністерден басталып, кітапхана қызметкерлерінің көркем шығармалардағы кейіпкерлерді сомдауымен жалғасты. Сонымен қатар, Қазақстан Журналистер одағының мүшелері мен қоғам белсенділері өз шығармаларынан үзінді оқып, арнауларын көрерменге ұсынды.
Шара аясында «Қазақ жазуының тарихы» атты тарихи көрме ұйымдастырылып, Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.
«Kitap Time» оқырман клубы бұдан былай кітап оқуға құмар жандардың бас қосатын алаңына айналмақ. Мұнда әртүрлі әдеби шаралар, пікірталастар, шығармашылық кездесулер өткізіледі.
Кітап оқу – рухани жаңғырудың кепілі. Жаңа клуб жас буынның білімге, әдебиетке деген ынтасын арттыруға үлкен серпін бермек!
Ұқсас жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
"Әлі 5 бала туамын!" Сабина Алтынбекова аналық бақыт туралы айтты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025