Жаңалықтар
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 10 мыңнан астам оқушы қатысуда
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 10:47
- 17

Бүгін 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі басталды. Аудандық және қалалық кезеңдерден іріктелген 10 758 оқушы осы білім сайысында өз бақтарын сынауда, деп хабарлайды Baq-Orda.
Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, ғылымға деген қызығушылығын ояту, олардың дарыны мен қабілетіне қолдау көрсету және ерте кәсіби бағдар беруді қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бұл кезең – республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларға үміткерлерді анықтайтын маңызды баспалдақ.
29 сәуір күні олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өтуде. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша білім жарысы 30 сәуірде жалғасады.
Білім додасының жүлдегерлері 18–21 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін республикалық олимпиадада өңір намысын қорғайтын болады.