Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 15:49
- 9
Бағдат Мусин:
Бүгінде «Қазақтелеком» 1,75 миллионнан астам үй шаруашылығына қызмет көрсететінін айтты.
Компания ел аумағында талшықты-оптикалық желіні жүйелі түрде кеңейтіп, телекоммуникация нарығының негізгі сегменттерінде көшбасшылық орнын сақтап отыр.
Елді мекендерді байланыспен қамту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. 2027 жылдың соңына дейін 1 миллионнан астам тұрғыны бар 3 мыңнан аса ауылды сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.
«Каспий ТОБЖ» халықаралық жобасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат берді.
Аталған жоба Ақтау – Сумгаит бағытында суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін салуды көздейді. Бұл бастама Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз қалыптастырмақ.
Кездесу барысында деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Екібастұз қаласында «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» стратегиялық жобасы аясында қуаты кезең-кезеңімен ұлғайтылатын заманауи орталық құрылуда. Бұл жоба халықаралық технологиялық компанияларды тартуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жол ашады.
Жасанды интеллект технологияларын енгізуге басымдық берілетінін жеткізді.
Корпоративтік процестерді автоматтандыруға арналған ЖИ-агенттерді әзірлеу, киберқауіпсіздік шешімдерін жетілдіру және мемлекеттік секторды цифрландыру бойынша бірқатар жоба қолға алынды.
Президент:
Шағын қалалар мен ауылдарды сапалы байланыспен және интернетпен қамтудың маңызына назар аударды.
Цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту салаларында инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.
Қордайлық мерген халықаралық турнирде алтын жеңіп алды
Ұқсас жаңалықтар
Таразда инфекциялық аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды
- авторBAQ-Orda
- Бүгін, 16:32




