Референдум-2026

БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жаңатаста студенттермен жаңа реформалар туралы кездесу өтті

Жаңатаста студенттермен жаңа реформалар туралы кездесу өтті
Жаңатас қаласындағы көпсалалы колледжде жастармен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков қатысып, студенттермен елімізде жүзеге асырылып жатқан жаңа реформалардың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында жаңа реформалардың мазмұны мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе жаңа жоба аясында адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінгені атап өтілді. Құжатта азаматтардың негізгі құқықтарын шектеуге болмайтын жағдайлар нақты айқындалған. Тіпті төтенше жағдайлар кезінде де азаматтық еркіндіктерді сақтау басты қағидаттардың бірі болып қала беретіні айтылды.

Спикердің айтуынша, реформаның негізгі мақсаты – мемлекеттің өкілеттігі мен азаматтардың құқықтары арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін күшейтіп, мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Еркін форматта өткен кездесуде жастарды толғандырған бірқатар мәселелер де талқыланды. Соның ішінде әскерге бару, Отан алдындағы борышты өтеу тақырыбы қозғалды. Жас ұрпақтың ел алдындағы жауапкершілігін сезініп, мемлекетке адал қызмет етуі – нағыз азаматтықтың белгісі екені айтылды.

Кездесу барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, ашық диалог форматында ой алмасты.

Іс-шара соңында мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсерлі әндер орындады. Әсем ән мен көтеріңкі көңіл күй кездесуге ерекше атмосфера сыйлады.

Тағылымды әрі мазмұнды жүздесу жастарға елдегі реформалардың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, қатысушыларға жақсы әсер қалдырды.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар