БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысында онкологиялық ауруларды анықтауға арналған экспресс-гистология іске қосылды

Жамбыл облысында онкологиялық ауруларды анықтауға арналған экспресс-гистология іске қосылды
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Жандос Сейдахметовтің бастамасымен онкологиялық ауруларды анықтауда  аса маңызды саналатын диагностикалық әдістің түрі – экспресс-гистология іске қосылды, деп хабарлайды Baq-Orda Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.

Орталықта жылына 800-ден астам ота жасалады. Бұрын пациентке медициналық сараптау қорытындысын қою үшін оның гистологиялық талдауы Алматы және Астана қалаларына жіберіліп, қорытындысын күту үшін 2-3 апта уақыт кететін. Гистологиялық зерттеу нәтижесі келмейінше, науқасқа ем тағайындау да мүмкін болмайтын. 

Экспресс-гистология – ота кезінде алынған тін үлгісін жедел түрде мұздатып, микроскоппен зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Ол  небәрі 15–20 минут ішінде нәтижені анықтап, операция барысына дереу өзгеріс енгізуге жағдай жасайды. Мұндай технология хирургияның дәлдігін арттырып қана қоймай, емнің тиімді стратегиясын таңдауға мүмкіндік береді.

Орталық мамандарының әдісті меңгеру бойынша біліктіліктері жетілдіріліп, тәжірибе алмасулардан өтті. Алдағы уақытта онкологиялық ауруларды 15-20 минутта анықтайтын әдістің арқасында бұл дертті емдеуге тиімділік те жоғарылымақ.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар