БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Байзақта шыңдалған шыны шығаратын зауыт ашылды

Байзақта шыңдалған шыны шығаратын зауыт ашылды
Фото - Jambylinfo.kz
Өндіріс орнын жергілікті кәсіпкерлер жеке қаражаты есебінен салған

Байзақ ауданында шыңдалған шыны шығаратын зауыт іске қосылды,  деп хабарлайды baq-orda.kz
Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңіріміздің инвестициялық әлеуеті артып келе жатқанын айтып, жиылғандарды жаңа өндіріс орнының ашылуымен құттықтады. 

- Зауыттың ерекшелігі – ауыл жанында ашылғанында. Бұл маңызды дүние. Жоба өңіріміздің индустриялдық-инновациялық даму бағытының нақты көрінісі деп айтуға толық негіз бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, инвестициялық жобаларды қолдау және жаңа өндіріс көздерін ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биыл облыста 30 жоба іске асырылып, мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделуде. Бүгінгі ашылып отырған нысан осы бастамалардың нақты жемісі, - деді Ербол Қарашөкеев.

Бұдан кейін аймақ басшысы нысанды аралап, өндіріс барысымен танысты. 
Заманауи технологиялармен жабдықталған «JS GLASS» шыны шыңдайтын өндіріс орны 40 адамды жұмыспен қамтиды. Жалпы құны 470 миллион теңге болатын зауыттың жылдық құрылыс материалдарын өндіру қуаттылығы 100 000 шаршы метрді құрайды.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар