Жаңалықтар
Айт мерекесінде халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей ме?
- author BAQ-Orda
- 4 маусым, 2025
- 1

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді
Қазақстанда 6 маусым – Құрбан айт күні Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды baq-orda.kz
"7 маусым, сенбі күні қабылдау тек кезекші орталықтарда жүргізіледі. Ал 9 маусымнан бастап барлық ХҚКО-лар қалыпты тәртіппен жұмысын жалғастырады", – делінген хабарламада.
Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары:
• Дүйсенбі – жұма күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін;
• Сенбі күні 09:00-ден 13:00-ке дейін жұмыс істейді.
Сенбіде өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданады, дайын құжаттар 13:00-ке дейін беріледі.
Шығыс Қазақстан облысындағы орталықтар бір сағат ерте ашылып, ерте жабылады.