
Жамбыл облысында Ақсақалдар кеңесі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 381 шара өткізіп, 11 510 адамды қамтыды.
Кеңес құрамында 31 облыстық, 51 аудандық және 163 ауылдық ақсақалдар бар, жалпы саны – 245 адам.
21 қаңтарда Құлан ауылында Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтіп, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сол күні Тараздағы Достық үйінде "Өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие" жобасы аясында жастармен кездесу ұйымдастырылды. Шара адалдық пен еңбекке құрмет көрсету құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.
"Адал азамат" жобасы аясында "Кәсіпdeu" бастамасы бойынша 14 шара өтіп, 560 адам қамтылды. Жастарды адал еңбекке және жұмысшы мамандықтардың маңызын түсінуге баулу мақсат етілді. Ақсақалдар кеңесінің бұл жұмыстары – қоғамдық келісім мен руханиятты нығайтудың маңызды бөлшегі.
Келесі мақала