БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мемлекеттік тіл – бірліктің кепілі

Мемлекеттік тіл – бірліктің кепілі
Жамбыл облысында мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Ассамблея жанындағы "Мәміле" пікірталас клубы ұлттық құндылықтар арқылы қазақ тілін үйретуге бағытталған. Клубтың 3 отырысы Жеңістің 80 жылдығы, Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы және отбасылық құндылықтарға арналды.

Қазақ тілін оқыту курстары 2,5 ай бойы аптасына 3 рет ақысыз негізде өткізіледі. В1 деңгейін оқытуға арналған жаңа топта 20 тыңдаушы бар. Сондай-ақ, неміс тілі бойынша Шу, Жамбыл аудандарында және Таразда 6 топ жұмыс істейді, олар 90 адамды қамтыды. "Корё" кәріс ассоциациясында корей тілі курстары да ұйымдастырылған.

21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай "Тіл – достықтың дәнекері" атты TEDx форматындағы кездесу өтті. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген 45 этнос өкілінің пулы қалыптастырылды. Бұл бастамалар тілдердің дамуына және этносаралық бірлікті нығайтуға қызмет етеді.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар