
Бірлестіктің 95 мүшесі бар, ал Қордай ауданында өкілдік ашылды. Екі жоғары оқу орнында студенттік ассамблея жастар ұйымы қалыптастырылуда.
"Жаңа толқын" жобасы аясында 17 шара өтіп, 3200 адам қамтылды. Бұл жоба ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Мысалы, 29 қаңтарда Достық үйінде "ProMediа 2.0" шарасы өтті, онда жастарға медиа сауаттылық, сөз сөйлеу мәдениеті және әлеуметтік желілерде тиімді контент жасау жөнінде шеберлік сабақтары ұсынылды. Семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Сондай-ақ, "Ассамблея жастары" республикалық форумдарға, соның ішінде Астанадағы "Адал адам – адал еңбек" форумына қатысты. Таразда өткен "Тәрбиелі жастар – қоғам тірегі" форумы 1000-нан астам адамды жинады. Бұл шаралар жастарды қоғамдық өмірге тартуға және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған. "Ассамблея жастары" – бірлік пен татулықтың шынайы жаршысы.