
Наурыз айынан басталған бұл жоба Көне Тараз археологиялық кешені, М.Х.Дулати ескерткіші, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент және басқа да тарихи орындарда шаралар ұйымдастырды.
25 шара барысында 2500-ден астам адам қамтылып, ескерткіштер маңына 400-ден аса гүл мен ағаш отырғызылды. Сенбіліктер мен түсіндіру жұмыстары арқылы жастарға тарихи мұраның құндылығы түсіндірілді. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының өкілдері мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, өңірдегі 500-ге жуық тарихи жәдігердің сақталуына қоғамдық қолдаудың қажеттігін айтты.
"Барыңды бағала" жобасы – жастарды патриотизмге тәрбиелеудің және қоғамдық жауапкершілікті арттырудың тиімді тәсілі. Аналар кеңесінің мұндай бастамалары тарихымызды сақтауға және болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған.