
Есепті кезеңде 389 шара өтіп, 19 076 адамды қамтыған кеңес 38 бөлімше арқылы жұмыс істейді: облыстық, қалалық, аудандық және этномәдени бірлестіктер жанындағы кеңестерде 646 әйел белсенді қызмет атқаруда.
"Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобасы аясында "Ана көрген", "Ананың әні", "Қолөнерім – мол өнер" сияқты бастамалар жүзеге асырылуда. Мәселен, "Ана көрген" жобасы бойынша ұйғыр, түрік, татар этностарының салт-дәстүрлері мен тағамдарының шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Ал "Ананың әні" байқауы 18-45 жас аралығындағы 15 үміткерді жинап, мемлекеттік тілді насихаттауға үлес қосты.
Наурыз айынан бастап "Айналайын" және "Ақ орамал" жобалары іске қосылды. Алғыс айту күні перинаталдық орталықта аналарға қажетті заттар табысталып, Наурыз мерекесінде сәбилерге бесікке салу рәсімі өтті. Бұл шараларға әлем чемпиондары Олжас пен Әйгерім Сәттібаевтар қатысып, қоғамдық бастамаларға қолдау көрсетті.
"Салауатты сана" жобасы аясында 70 шара 3150 адамды қамтыды. Жастармен кездесулер, психологтардың қатысуымен өткен "Қауіпсіздік сағаты" шаралары жастардың рухани және әлеуметтік сауатын арттыруға бағытталған. Аналар кеңесінің бұл еңбегі – ұлттың болашағын қалыптастырудағы маңызды қадам.