БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Таза Қазақстан» акциясына Жамбыл жастары белсене қатысуда

«Таза Қазақстан» акциясына Жамбыл жастары белсене қатысуда
Жамбыл облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстау және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.

Соның жарқын мысалы биылғы жылы өңірде кең көлемде ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы. Аталған бастамаға жастардың белсенді қатысуы ерекше назар аудартады.

Жыл басынан бері облыстық Жастар ресурстық орталығының үйлестіруімен 9 айда 19 экологиялық іс-шара өткізілген. Бұл игі істерге жалпы саны 510 жас тартылды. Жастар тек сенбіліктерге қатысып қоймай, ағаш отырғызу, қоқыс жинау, тазалық рейдтерін өткізу сынды нақты жұмыстар атқарды. Әсіресе табиғатты аялауға, экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған акциялар жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейткенін айту керек.

Сонымен қатар, биылғы жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасы аясында да маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. Жобада белгіленген индикаторларға сәйкес, облыс бойынша 2000 жас маусымдық жұмыстармен қамтылды. Олар жаз мезгілінде қала мен ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысты. Бұл бір жағынан жастар үшін табыс табуға мүмкіндік болса, екінші жағынан өңір экологиясын жақсартуға қосылған нақты үлес болды.

Табиғатты қорғау баршаға ортақ міндет. Бұл ретте Жамбыл жастарының белсенділігі мен саналы көзқарасы көңіл қуантады. Жас ұрпақтың экологиялық тәрбиесі мен қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар