Таразда Таза Қазақстан акциясы аясында жеті мыңнан астам ағаш отырғызылды
- author Admin
- Бүгін, 09:21
- 1

Атап айтқанда, бүгін "Әулиеата" ауданы әкімдігінің бастамасымен "Ұлы дала" шағын ауданында 5000 түп ағаш отырғызылды. Аудан әкімі Барлық Төреханов шараға тікелей қатысып, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға және қаланы көркейтуге белсенді үлес қосуға шақырды. Бұл игі істе аудан тұрғындары мен жастар бірлесе атсалысты.
Сонымен қатар, «Жібек жолы» ауданына қарасты "Барысхан" алқабында 2 000 түп ағаш отырғызылды. Іс-шараға қала және аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, «Жасыл Ел-Тараз» мекемесі, «Байтақ» жасыл партиясының өкілдері, ерікті жастар мен жергілікті тұрғындар жұмыла қатысты.
Акция барысында қатысушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығы түсіндіріліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай шаралар тек қана ағаш отырғызумен шектелмей, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға, жасыл аймақтардың көлемін ұлғайтуға және тұрғындарға экологиялық тәрбие беруге бағытталған.
«Таза Қазақстан»-бұл болашақ ұрпаққа жайлы әрі таза орта қалдыру жолындағы нақты қадам. Жаппай ағаш отырғызу арқылы Тараз қаласының экологиялық жағдайы жақсарып, жасыл желекке бөленген жайлы қала қалыптасуына жол ашылмақ.