БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысындағы эпизоотиялық жағдай тұрақты бақылауда

Жамбыл облысындағы эпизоотиялық жағдай тұрақты бақылауда
Жамбыл облысында ветеринария саласы мал ауруларының алдын алу мен халықтың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Өңірде эпизоотиялық ахуал тұрақты бақылауда тұр. Бұл саладағы жұмыстар 2023 жылғы 31 қазанда қабылданған облыс әкімінің №213 қаулысына сәйкес, қайта ұйымдастырылған ветеринариялық жүйенің тиімділігін көрсетіп отыр.

Қазіргі таңда облыс әкімдігінің ветеринария басқармасына қарасты барлық қалалық және аудандық ветеринариялық станциялар біріктіріліп, бірыңғай құрылым қалыптасты. Жаңа жүйе аясында 1055 маман еңбек етуде. Облыста 11 ветеринариялық бөлім мен 160 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Олардың 143-і арнайы ғимараттармен қамтамасыз етілген. Бұл мал иелеріне қызмет көрсетуді едәуір жеңілдетіп, ветеринариялық көмек қолжетімді болуына ықпал етті.

Ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасы да айтарлықтай нығайған. Кәсіпорын теңгерімінде 255 автокөлік бар. Олардың басым бөлігі ауылдық жерлерде жүруге ыңғайлы Нива және УАЗ маркалы көліктер. Сондай-ақ облыста биологиялық қалдықтарды жоюға арналған 41 биотермиялық шұңқыр мен 20 инсинератор жұмыс істеп тұр. Бұл құрал-жабдықтар ауру жұқтырған жануарлардан келетін қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.

Эпизоотияға қарсы іс-шараларға облыстық бюджеттен 3,49 млрд теңге бөлініп, соның 2,1 млрд теңгесі игерілді. Республикалық бюджеттен бөлінген 678,9 млн теңгенің 396 млн теңгесі мақсатты түрде пайдаланылған. Бұл қаражат жануарларға вакцина егу мен диагностикалық тексерулер жүргізуге бағытталған. 2025 жылға 16,5 миллионнан астам профилактикалық манипуляциялар жоспарланған.

Атап айтқанда аусылға қарсы 4,3 миллионнан астам бас мал егілген сібір жарасына 4,2 миллионнан астам жануарға вакцина салынған түйінді дерматит брадзот қарасан пастереллез лептоспироз сияқты ауруларға қарсы екпелер де толық көлемде жүргізілуде. Құтыруға қарсы 99 мыңнан астам мал мен ит егілген. Бұдан бөлек эктимаға қарсы 200 мың ұсақ малға вакцина салынған.

Мал арасында сарып ауруының алдын алу мақсатында 5,7 миллион зерттеу жоспарланып бүгінге дейін 3,7 миллион зерттеу жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.

Облыстағы індет ошақтары да назардан тыс қалған жоқ. Жыл басынан бері құтырудың 3 жағдайы пираплазмоздың 2 сальмонеллездің 2 пастереллездің 2 және анаэробтық энтеротоксемияның 1 жағдайы тіркелген. Барлық ошақтарда карантин енгізіліп тиісті ветеринариялық-профилактикалық шаралар толық орындалды. Сонымен қатар сібір жарасының 189 көмінді орны арнайы қоршалып қауіпті аймақ ретінде белгіленген және олар мемлекеттік жер кадастрына енгізілген.

Қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде 504 мыңнан астам ірі қара 3,8 миллионнан астам ұсақ мал 217 мыңнан астам жылқы 8 665 түйе және 4 760 шошқа тіркелген. 2025 жылы 1,49 миллион төлді бірдейлендіру жоспарланып отыр. Бұл шаралар малдың індеттерге қарсы қорғанысын күшейтіп есепке алу жүйесін нақтылауға бағытталған.

Жамбыл облысының ветеринариялық қызметі өңірдегі эпизоотиялық жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Қабылданған кешенді шаралар мен мамандардың жүйелі жұмысы мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай тұтынушылардың денсаулығына төнетін қатерлердің алдын алуға да негіз болып отыр.

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар