БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысында білім беру саласы жаңа сапалық кезеңге өтті

Жамбыл облысында білім беру саласы жаңа сапалық кезеңге өтті
Жамбыл облысында білім беру жүйесін жаңғырту бағытында ауқымды әрі жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2025 жылы өңірдің білім саласына 347,9 млрд теңге бөлініп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайыздан астам өсімді көрсетті. Қаражат мектеп инфрақұрылымын дамытуға, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, оқушылардың білім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды

Өңірде мектепке дейінгі білім беру саласында ваучерлік қаржыландыру толық енгізіліп, балабақшаға қолжетімділік пен ашықтық күшейді. «INDIGO24.kz» автоматтандырылған жүйесі арқылы мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың қызметі бірыңғай тәртіппен бағаланып, ата-аналардың сенімі артты. Қазіргі таңда облыста 619 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеп, онда 63 мыңнан астам бала тәрбиеленуде

Орта білім беру саласында да нақты өзгерістер бар. Дарынды ер балаларға арналған әскери мектеп-интернат ашу жоспарланып, IT, жасанды интеллект және дронмен оқыту жобалары пилоттық негізде енгізілді. «Smart-Mektep» және «AI-Teacher» жобалары арқылы оқыту үдерісі цифрландырылып, оқушылардың жеке қабілетіне бейімделген жаңа формат қалыптасуда

Биыл облыста 26 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, оның 7-еуі пайдалануға берілді. «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған жаңа білім ордалары заманауи STEM-зертханалармен, цифрлық кабинеттермен жабдықталған. Бұл апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік беріп отыр

Педагогтер мен оқушылардың жетістіктері де айтарлықтай. Өңірде 7 ұстаз «Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болса, мұғалімдер халықаралық және республикалық байқауларда 113 рет жеңіске жеткен. Ал оқушылар 464 медаль иеленіп, ғылыми жобалар бойынша 16 жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын сақтап келеді

Әлеуметтік қолдау мен қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. 105 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен қамтылып, мектептердің 98 пайызы жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. 180 мектеп заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталып, қолма-қол ақшасыз төлем енгізілді

Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы тәуекелді мінез-құлықтың алдын алу мақсатында психологиялық қолдау күшейтіліп, арнайы орталықтар мен жобалар іске асырылуда. Профилактикалық жұмыстар аясында дебаттар, акциялар, ата-аналармен кездесулер жүйелі түрде өткізілуде

Жалпы алғанда, Жамбыл облысында білім беру саласы инфрақұрылымдық жаңғырумен қатар, мазмұндық және сапалық тұрғыда жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Бұл өзгерістер өңірдің адами капиталын дамытуға және болашақ ұрпаққа сапалы білім беруге бағытталған ұзақмерзімді саясаттың нәтижесі ретінде бағаланады

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар