Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 13:09
- 6
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ еліміздегі барша мұсылман қауымына көңіл айтты.
«Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасына, туған-туыстарына және мұсылман қауымына қайғыра көңіл айтамын. Алла Тағала марқұмның мәңгілік мекенін жәннаттан нәсіп етсін», – деді ол.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы қараша айында Түркістан облысында дүниеге келген. ҚазПИ-дің тарих факультетін тәмамдаған. 1964 жылы Бұхара қаласындағы «Мир-Араб» медресесін, сондай-ақ Бұхара педагогикалық институтын бітірген. 1969–1975 жылдары Ливия университетінің Шариғат және құқық факультетінде білім алып, жоғары діни білім алған.
1990 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын құрып, бас мүфти болып сайланды. Ол бұл қызметті 2000 жылға дейін атқарып, елімізде діни басқару жүйесінің қалыптасуына сүбелі үлес қосты.


