БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өлімі: ІІМ істі ерекше бақылауға алды

Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өлімі: ІІМ істі ерекше бақылауға алды
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласында 21 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша ресми мәлімдеме жасады. Аталған істің тергеу барысы министрліктің тікелей бақылауына алынған.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған дерек бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу кезінде полиция қызметкерлерінің уақтылы шара қолданбауы мүмкін деген пікірлерге байланысты қызметтік тексеріс тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті сот санкциясымен қамауға алынған.

Сонымен қатар, ең тәжірибелі қызметкерлерден құралған арнайы жедел-тергеу тобы жасақталды. Күдіктінің әрекетіне заң аясында толық құқықтық баға берілетіні атап өтілді.

ІІМ мәліметінше, іске қатысты барлық материалдар, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар жан-жақты тексеріліп, мұқият талданып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат берілетін болады.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар