Атырау облысында жоғалған отбасы ісі: екі ағайындыны іздеу жұмыстары аяқталды
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 15:06
- 8
Ведомствоның хабарлауынша, Жангелдин ауылында хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұрған 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиевке қатысты іздеу-құтқару шаралары аяқталған. Құтқару бөлімшелері Атырау облыстық полиция департаментінің ресми өтініші негізінде жұмылдырылып, полиция белгілеген аумақтарды толық тексерген.
Төтенше жағдайлар департаменті полиция анықтаған барлық аумақтың зерттелгенін, ал қазіргі уақытта іздеуді жалғастыру туралы жаңа өтініштер мен хабарламалар түспегенін хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен еді. Олар 2025 жылдың күзінде жоғалған. Кейінірек тергеу барысында отбасының үлкен мүшелері — 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин мен 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева — үй ауласынан көмілген күйде табылған. Ал олардың екі ағайындысы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткендер қатарында қалып отыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі адамды өлтірді деген күдікпен отбасының 29 жастағы күйеу баласы, Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиевге іздеу жарияланды. Полиция күдіктінің жүрген жері анықталғанын және оны жақын арада ұстау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.


