БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жаркентте анасының баласына көрсеткен зорлығы қоғамды дүр сілкіндірді

Жаркентте анасының баласына көрсеткен зорлығы қоғамды дүр сілкіндірді
Жаркент қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық дерегі тіркеліп, қоғамның ашу-ызасын тудырды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада әйел адамның өз баласын өзге балалардың көзінше батареяға байлап, ұрып-соққаны көрінеді.

Бейнежазбада баланың ақ матамен батареяға байланғаны, жерге жатқызылып, аяусыз соққыға жығылғаны анық байқалады. Сондай-ақ әйел адамның баласын тепкілеген сәттері де кадрға түскен.

Аталған оқиғаға байланысты облыстық Полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында тараған бейнематериал негізінде Панфилов аудандық полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталған.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті әйел тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі бала барлық жағдай толық анықталғанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Сонымен қатар қамқоршылық және қорғаншылық органына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау жөнінде ұсыныс жолданатын болады.

Қазіргі уақытта тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар