Жаңалықтар
Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі қатысқан жол апатынан екі адам қаза тапты
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 09:33
- 5
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, жол апаты 18 қаңтар күні түнде Жаңаөзен қаласындағы Манат көшесінде болған. Шақыруға бара жатқан өрт сөндіру көлігі Lifan маркалы жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан өрт сөндіру көлігі жол жиегіндегі қоршауды бұзып, жеке тұрғын үйге соғылған.
Жол апаты салдарынан бес адам, оның ішінде өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді. Алайда екі адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Қазіргі уақытта полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.


