Қазақстанда «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң толық күшіне енді
- author Admin
- Бүгін, 11:36
- 4
Жаңа заң нені реттейді?
Енді Қазақстан аумағында төмендегі бағыттар бойынша жасанды интеллект жүйелерін құруға және пайдалануға толық тыйым салынады:
манипулятивті әдістерді қолданатын жасанды интеллект;
адамның жасына, денсаулық жағдайына немесе әлеуметтік мәртебесіне байланысты осал тұстарын пайдаланатын жүйелер;
әлеуметтік немесе биометриялық кемсітушілікке жол беретін алгоритмдер;
адамның эмоциясын оның келісімінсіз анықтайтын жүйелер;
жеке деректер туралы заңнаманы бұзатын жасанды интеллект құралдары;
тыйым салынған контентті жасайтын немесе тарататын жасанды интеллект жүйелері.
Ашықтық пен жауапкершілік талаптары
Заң жасанды интеллектіні пайдаланудың ашықтығына қойылатын талаптарды да нақтылайды.
Енді:
тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер жасанды интеллект көмегімен жасалса;
синтетикалық контент қолданылса,
бұл туралы пайдаланушыларға алдын ала хабарлануы тиіс.
Сонымен қатар, синтетикалық контент міндетті түрде таңбаланып, пайдаланушылар үшін анық әрі түсінікті ескертумен белгіленуі керек.
Таңбаланбай жарияланған материалдар үшін айыппұлдар
Заң талаптарын бұзып, таңбаланбай жарияланған материалдар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген:
жеке тұлғалар үшін – 15 АЕК (64 875 теңге);
шағын бизнес үшін – 20 АЕК (86 500 теңге);
орта бизнес үшін – 30 АЕК (129 750 теңге);
ірі бизнес үшін – 100 АЕК (432 500 теңге).
Заңның мақсаты
Жаңа заңның негізгі мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жасанды интеллектіні қолдануда жауапкершілік пен ашықтықты күшейту.


