Жаңалықтар
Депутаттан тізерлеп отырып сұхбат алған журналист елдің ықыласына бөленді
- author Admin
- 21 қаңтар, 2026
- 26
Журналист Ақбөпе Тәңірбергеннің депутат Ерлан Әбдиевтен тізерлеп отырып сұхбат алған сәті әлеуметтік желі қолданушыларының жылы пікіріне ие болды.
Аталған сәтпен депутаттың өзі де бөлісіп, журналистің әрекетіне ризашылығын білдірді.
«Сұхбат барысында ерекше бір сәт болды. Журналист қыз менімен көз деңгейінде сөйлесу үшін тізерлеп отырды. Бұл күтпеген, бірақ терең мағыналы, үлкен әдеп пен құрметтің белгісі еді.
Теңдік – адамның бойында және ар-ұятында.
Ал инклюзия сөзден бұрын іс-әрекетпен өлшенеді.
Құрмет осындай қарапайым қадамдардан басталады», – деп жазды Ерлан Әбдиев.
Желі қолданушылары да журналистің бұл қадамын кәсібилік пен адамгершіліктің жарқын үлгісі ретінде бағалап, жылы лебіздерін білдіруде.
Келесі мақала
Шымкентте жол үстіндегі жанжал кісі өлімімен аяқталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Елдос Колобок ұлына арналған бесік тойын дүркіретіп өткізді
- авторBAQ-Orda
- 22 қаңтар, 2026




