Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: тыйым салынған зат екінші сынамадан да анықталды
- author BAQ-Orda
- 21 қаңтар, 2026
- 17
Оның айтуынша, АҚШ-тағы VADA ұйымынан 34 беттен тұратын қорытынды сараптама алынған. Тексеру нәтижесі бойынша, екінші сынама да оң нәтиже көрсеткен.
«Қазіргі таңда Жәнібектің ісін біздің федерация қарайды. Себебі ол КФПБ лицензиясымен өнер көрсетеді, ал оның қатысуымен өткен соңғы бокс кеші Астанада біздің санкциямызбен ұйымдастырылды. Енді басты мәселе - спортшы тыйым салынған затты әдейі қабылдады ма, әлде оның ағзаға басқа жолмен түскені. Бұл сұрақ жан-жақты қарастырылып жатыр», - деді Рахымжан Ерденбеков.
Федерация басшысы істі қайта қарау аяқталғанға дейін Жәнібек Әлімханұлының барлық жарыстардан уақытша шеттетілгенін хабарлады. Қайта қарау қорытындысы бойынша барлық материалдар халықаралық ұйымдарға, соның ішінде WBO, IBF және басқа да құрылымдарға жолданады. Олар боксшыны чемпиондық атақтарынан айыру немесе айырмау туралы түпкілікті шешім қабылдайды.
Еске сала кетейік, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Ларамен WBA нұсқасы бойынша үш чемпиондық белбеуді біріктіру жекпе-жегіне шығуы тиіс болған. Алайда VADA жүргізген допинг сынамада мельдоний анықталып, жекпе-жек өтпей қалды.
Осы жағдайдан кейін Premier Boxing Champions ұйымы Жәнібектің орнына жаңа қарсылас тағайындағанын мәлімдеді. Нәтижесінде Эрисланди Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жекпе-жек өткізіп, WBA чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.
Қазіргі уақытта Жәнібек Әлімханұлына қатысты тергеу және барлық тиісті рәсімдер жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар
Елдос Колобок ұлына арналған бесік тойын дүркіретіп өткізді
- авторBAQ-Orda
- 22 қаңтар, 2026




