Тұрғын үйде үлесі бар кезектегілерге де мемлекеттік қолдау қолжетімді
- author BAQ-Orda
- 21 қаңтар, 2026
- 19
Бұған дейін кезекте тұрған адамның жылжымайтын мүлікте, тіпті өте шағын үлесі болса да, ол мемлекеттік қолдау шараларына қатыса алмайтын. Себебі қолданыстағы талапқа сәйкес, үміткер соңғы бес жыл ішінде тұрғын үйге меншік құқығына ие болмауы тиіс еді. Мысалы, өз баспанасы жоқ, бірақ ата-анасының пәтерінде аз ғана үлесі бар азаматтар да жеңілдетілген ипотека мен мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларынан шет қалатын.
Жаңа шешімге сәйкес, егер азамат ресми түрде тұрғын үй кезегінде тұрса, оның тұрғын үйдегі үлесі мемлекеттік қолдауға кедергі болмайды. Мұндай азаматтар жеңілдетілген ипотекаға немесе сатып алу құқығымен не онсыз берілетін жалдамалы тұрғын үйге үміткер бола алады.
«Бұл мәселе заңнамалық деңгейде толық реттелмеген болатын. Алайда Отбасы банк азаматтардың нақты жағдайын ескеріп, көптеп түскен өтініштер негізінде тұрғын үйде үлесі бар кезектегілерді де мемлекеттік қолдауға қатыстыру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады банк.
Ұқсас жаңалықтар
Елдос Колобок ұлына арналған бесік тойын дүркіретіп өткізді
- авторBAQ-Orda
- 22 қаңтар, 2026




