Жеке деректерді қорғау күшейтіледі: жаппай тарату үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін
- author BAQ-Orda
- 21 қаңтар, 2026
- 23
Оның айтуынша, мемлекет азаматтардың жеке өмірге қол сұқпау және жеке ақпараттың қорғалуына қатысты конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында цифрлық деректерді пайдалану мен тарату саласында «нөлдік төзімділік» қағидатына көшуді көздеп отыр.
Осы бастама аясында ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік айыппұлдарды бірнеше есе арттыру жоспарланған. Атап айтқанда, айыппұл мөлшері 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылмақ. Сонымен қатар, жеке деректердің жаппай жариялануына байланысты қылмыстық жауапкершілікті заңнамаға енгізу ұсынылып отыр.
«Цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі тиіс. Жеке деректермен жауапсыз немесе заңсыз әрекет ету фактілерінің барлығы қатаң түрде заң аясында жазалануы қажет», - деп атап өтті Коняшкин.
Ұсынылған шаралар жеке ақпаратты қорғау тетіктерін күшейтуге және цифрлық ортадағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
Елдос Колобок ұлына арналған бесік тойын дүркіретіп өткізді
- авторBAQ-Orda
- 22 қаңтар, 2026




