Жаңалықтар
Шымкенттегі қанды төбелес бойынша төрт күдікті қамауға алынды
- author BAQ-Orda
- 21 қаңтар, 2026
- 30
Шымкент қаласында үлкен резонанс тудырған төбелеске байланысты күдіктілер ұсталды. Шымкент қаласының полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ауыр қылмыстарға қатысы бар төрт ер адам анықталып, қамауға алынған.
Полиция мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға 20 қаңтар күні болған. Қақтығыс салдарынан 40 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмып, тағы бір азамат түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру», «Бұзақылық» және «Адам ұрлау» баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары күдіктілерді ұстау үшін барлық қажетті күш пен құралды жұмылдырғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Елдос Колобок ұлына арналған бесік тойын дүркіретіп өткізді
- авторBAQ-Orda
- 22 қаңтар, 2026




