"Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында бес жыл ішінде қалалар мен ауылдардың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойды. Бірақ әзірше 1543 ауыл немесе 544 мың адам таза сумен қамтамасыз етілмеген. Демек, бұл бағыттағы жұмысты әлі де күшейту қажет", - деді Ерлан Қошанов.Ол сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанда суды тұтыну 2040 жылға қарай 46 пайызға артатынын, ал су ресурстарының тапшылығы жылына 12 текше километрге дейін жетуі мүмкін екенін атап өтті. Қошановтың айтуынша, оған әсер ететін факторлар жеткілікті. Бұған халық санының артуы, экономикалық даму және басқа да себептер ықпал етеді.
Жаңалықтар
Жарты миллион қазақстандық таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр - Қошанов
- author BAQ-Orda
- 18 маусым, 2022
- 155
Жарты миллион қазақстандық таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр - Қошанов
Фото:elements.envato.com Жарты миллион қазақстандық таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.