БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таразда азық-түлік қолжетімді бола түсті: әлеуметтік дүкендер бағаны тұрақтандыруға үлес қосты

Таразда азық-түлік қолжетімді бола түсті: әлеуметтік дүкендер бағаны тұрақтандыруға үлес қосты
Тараз қаласында тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар нақты нәтиже беріп келеді. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»-на қарасты әлеуметтік дүкендерде негізгі азық-түлік тауарлары төмендетілген бағамен ұсынылып, халықтың күнделікті шығынын азайтуға ықпал етуде.

025 жылы тұрақтандыру қорының қолдауымен қаладағы ірі сауда желілерінде тауарлық интервенциялар жүргізілді. «Фиркан», «Дәмді себет», «Нұрислам», «Даниял даму», «Асмол», «Оптовик», сондай-ақ «Әлеуметтік дүкен» желілері мен шағын дүкендерге жалпы сомасы 240 млн теңгеге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жеткізілді. Бұл қадам бағаның күрт өсуіне жол бермей, нарықтағы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар тұрақтандыру қоры есебінен «Әлеуметтік павильондар» ЖШС 88,4 млн теңгеге тауарлық интервенция жүргізіп, бірқатар өнімдерді нарықтан төмен бағамен сатты. Әлеуметтік павильондарда нан - 90 тг, макарон - 260 тг, қарақұмық - 200 тг, сары май - 1580 тг, тауық еті - 1200 тг, сүт - 325 тг, айран - 375 тг, сүзбе - 1420 тг, пияз - 85 тг бағамен ұсынылды.

Статистикалық деректер де оң өзгерістерді көрсетіп отыр: 2025 жылдың басынан бері күріштің бағасы 428 тг-ден 366 тг-ге, картоп 191 тг-ден 165 тг-ге, қырыққабат 147 тг-ден 140 тг-ге дейін төмендеген. Бұл - қабылданған шаралардың тиімділігін айғақтайтын нақты көрсеткіштер.

Бұдан бөлек, халық сұранысын өтеу және бағаны тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкелерде тұрақтандыру қоры 54 тонна картоп, 33 тонна пияз, 17 тонна сәбіз және 5 тонна қырыққабатты арзандатылған бағамен ұсынды.

Жалпы алғанда, әлеуметтік дүкендер мен павильондар жобасы өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және бағаны тұрақты деңгейде ұстауға елеулі үлес қосып отыр.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар