БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Конституцияға Құрылтай депутаттары министрлерді лауазымынан босататын норма енгізілуі мүмкін

Конституцияға Құрылтай депутаттары министрлерді лауазымынан босататын норма енгізілуі мүмкін
Құрылтай депутаттары көпшілік дауыс арқылы министрлердің тағдырына ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған түзетулердің бірі Құрылтайдың Үкімет қызметіне ықпал ету тетіктерін Конституцияда бекітуді көздейді.

- Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның Бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылау, бекіту Құрылтай құзыретінде болады. Құрылтайдың бұл есепті бекітпеуі Үкіметке сенімсіздік білдіретінін көрсетеді, - деді ол.

Құрылтай депутаттары көпшілік дауыспен министрлердің тағдырына әсер етуі мүмкін.

- Құрылтай депутаттарының жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен ҚР Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есебін тыңдауы, республика заңдары орындалмаған жағдайда есепті тыңдаудың қорытындысы бойынша ҚР Президентіне Үкімет мүшесін лауазымынан босату туралы мәлімдеме қабылдау құқықтары тиісті жекелеген нормада нақтыланды. Мұндай жағдайда ҚР Президенті Үкімет мүшесін лауазымынан босатады, - деді сенатор.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар