БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Екатерина Бивол қазақ пен қырғыз халқына тіл тигізгені үшін жауапқа тартылды

Екатерина Бивол қазақ пен қырғыз халқына тіл тигізгені үшін жауапқа тартылды
Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты ресейлік және қырғыз боксшысы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты шешім шығарды. Ол қазақ және қырғыз ұлттарының ар-намысына тиетін, қадір-қасиетін кемсітетін сөздер айтқаны үшін жазаға тартылды.

Ресми мәліметке сәйкес, сот Екатерина Биволды Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде оған 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, бұл іс 2025 жылдың қазан айында Telegram желісінде жарияланған бейнежазбаға байланысты қозғалған. Материалды Ресей Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері тексерген.

Сараптамалық қорытындыға сәйкес, бейнежазбада қазақ және қырғыз ұлттарының ар-намысына тиетін, қадір-қасиетін төмендететін сөздер бар екені анықталған. Осыған байланысты Екатерина Биволға қатысты «ұлтаралық араздықты жария түрде қоздыру» дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалған.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар