Асыранды балаларға зорлық көрсеткен Зүлфия Төленова қамауға алынды
- author BAQ-Orda
- Бүгін, 17:40
- 1
Жамбыл облысының Полиция департаменті мәлім еткендей, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі (Қинау) және 140-бабы 3-бөлігі (Екі немесе одан да көп кәмелетке толмағанға қатысты тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша соталды тергеу амалдары басталған.
– Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, кеше ғана апалы-сіңлі Назгүл мен Құндыз қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен №5 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына көшірілген болатын. Осы жағдайдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары күдіктінің қарауындағы өзге балалардың тағдырына қатысты алаңдаушылық білдірді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, аталған балалар дәрігерлердің тексеруінен өтіп, кейін мамандандырылған балалар мекемесіне орналастырылған. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.




